Теннис: Зарина Дияс Манчестер турнирінің жартылай финалына шықты

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстандық теннисші Зарина Дияс Манчестер ITF турнирінің жартылай финалына шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Дүниежүзілік рейтингте 101-орында тұрған З.Дияс ширек финалда қытайлық, әлемнің 128-ракеткасы Сиюй Ванмен кездесті. Тартысты өрбіген бірінші партия тай-брейкке дейін жетіп, онда Зарина дес бермеді - 7:6 (7:1). Екінші сетте қазақстандық теннисшінің басымдылығы айқын көрінді - 6:2.

Бәсеке 1 сағат 24 минутқа созылды.

З.Дияс финалға шығу үшін осы турнирдің екінші, әлемнің 98-ракеткасы, америкалық Мэдисон Бренглмен таласады.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Зарина Диястың Манчестер жарысының ширек финалына шыққанын, ал Александр Недовесовтің Шымкент турнирінің жартылай финалына өте алмағанын жазған болатынбыз.

Соңғы жаңалықтар