Теннис: Зарина Дияс Манчестер турнирінің ширек финалына шықты

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстандық теннисші Зарина Дияс Манчестер ITF турнирінің ширек финалына шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Дүниежүзілік рейтингте 101-орында тұрған З.Дияс екінші айналымда америкалық, әлемнің 176-ракеткасы Робин Андерсонмен кездесті.
Бірінші сетте Заринаның басым болғаны сондай, қарсыласына бірде-бір гейм берген жоқ - 6:0.
Екінші партияда да З.Дияс Андерсонның адымын аштырмады - 6:1.
Бәсеке 51 минутқа созылды.
Жарыстың үшінші ракеткасы болып тіркелген З.Дияс ширек финалда рейтингте 105-орындағы жапониялық Мисаки Дои немесе қытайлық Сиюй Ванның қай жеңгенімен кортқа шығады.
Ерлер арасында Қазақстанның бірінші, әлемнің 47-ракеткасы Михаил Кукушкин Хертогенбос (Нидерланды) турнирінің ширек финалына шыға алмады.
Ол екінші айналымда әлемнің 42-ракеткасы, франицялық Ришар Гаскемен күш сынасты. Мұнда франциялық спортшы 6:3, 6:4 есебімен ұтты.
Р.Гаске жүлде қоры 711 275 еуроға бағаланған жарыстың жартылай финалына шығу үшін чилилік Николас Харримен таласады.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Елена Рыбакинаның Хертогенбос жарысының ширек финалына шыққанын, ал Александр Недовесовтің Шымкент турнирінің жартылай финалына өте алмағанын жазған болатынбыз.
- Хоккей: «Барыс» соңғы турда «Авангардқа» есе жіберді
- Елордада 156 мың АҚШ доллары жүлде қорымен теннис турнирі өтеді
- Теннис: Александр Бублик Сингапур турнирінің финалына шықты
- Жапония келесі айдан бастап Олимпиада спортшылары үшін шекараны ашуы мүмкін
-
Теннис: Александр Недовесов жұптық сында Нұр-Сұлтан турнирінің жеңімпазы атанды
-
Стенд атудан Қазақстан құрамасы әлем кубогі кезеңінде қола еншіледі
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам