Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 384.06 EUR 429.19
RUB 6.08 CNY 55.83
Jańalyqtar

Теннис: Зарина Дияс Индиан-Уэллстегі турнирді сәтті бастады

2019 жылғы 28 ақпан 13:36 1032
Бөлісіңіз:
Теннис: Зарина Дияс Индиан-Уэллстегі турнирді сәтті бастады

АСТАНА. ҚазАқпарат  - Қазақстандық теннисші Зарина Дияс Индиан-Уэллстегі (АҚШ) челленджер турнирін сәтті бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Турнирдің 12-ракеткасы болып тіркелген, дүниежүзілік рейтингте 96-орында тұрған қазақстандық спортшы жарысқа екінші айналымнан қосылды. З.Дияс рейтингте 169-сатыдағы қытайлық Хань Син-Юньмен күш сынасты. Бір сағатқа жуық уақытқа созылған матч қазақтандық теннисшінің басымдығымен өтіп, Зарина 6:1, 6:1 есебімен жеңіске жетті.

З.Дияс ширек финалға шығу үшін осы турнирдің 8-ракеткасы, рейтингте өзінен он саты жоғары тұрған тәжірибелі эстониялық теннисші Кайя Канепимен күш сынасады.

Тағы бір қазақстандық, әлемнің 153-ракеткасы Александр Бублик Рау (Франция) челленджер турнирінің екінші айналымында испаниялық Хавьер Косано Барранконы ұтты. Ол ұлыбританиялық, рейтингте 272-орындағы Ян Чоинскимен ширек финал жолдамасын сарапқа салады.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Қазақстанның бірінші, әлемнің 39-ракеткасы Михаил Кукушкин жарақатына байланысты Дубай турнирінде ойнаудан бас тартқан болатын.

 

 

 

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Спорт,
Бөлісіңіз:

Автор:

Елжан Ералы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059

MURAǴAT