Теннис: Зарина Дияс Индиан-Уэллсте әлемнің бесінші ракеткасына жол берді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандық, әлемнің 108-ракеткасы Зарина Дияс Индиан-Уэллс (АҚШ) WTA 1000 турнирінің үшінші айналымына шыға алмады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

З.Дияс екінші айналымда әлемнің бесінші, осы жарыстың 3-ракеткасы, 2021 жылғы Ролан Гаррос турнирінің жеңімпазы, чехиялық Барбора Крейчиковамен шеберлік байқасты.

Бірінші партияда чехиялық теннисші 6:4 есебімен басым түсті.

Екіншісінде Зарина есе қайырды – 6:3.

Үшінші, шешуші партияда Б.Крейчикова жеңістік бермеді – 6:1.

Екі сағаттан астам уақытқа созылған тартысты бәсекеде чехиялық спортшы 7 эйс жасап, 14 брейк-пойнттың тең жартысын пайдаланды. Эйс жасамаған З.Дияс 5 брейкке (11 брейк-пойнт) қол жеткізді.

Б.Крейчикова үшінші айналымда дүниежүзілік рейтингте 81-орында тұрған америкалық Аманда Анисимовамен кортқа шығады.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын жұптық сында Елена Рыбакинаның Индиан-Уэллс турнирін жеңіспен бастағанын, Юлия Путинцеваның үшінші айналымға шыққанын жазған болатынбыз.



Соңғы жаңалықтар