Теннис: Зарина Дияс Индиан-Уэллс турнирінің жартылай финалына шықты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық теннисші Зарина Дияс Индиан-Уэллстегі челенджер турнирінің ширек финалында америкалық Франческа Ди Лоренцомен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

З.Дияс әлемдік рейтингте 96-орында болса, қарсыласы 179-сатыда еді.

Осы жарыстың12-ракеткасы болып тіркелген қазақстандық теннисші бірінші партияда есеп 5:4болған мезетте сет-пойнттардың бірін сәтті пайдалана білді - 6:4.

Екінші сетте брейк жасаған Зарина Дияс 3:0 есебімен алға шықты. Төртінші геймде де брейк жасайтындай мүмкіндіктері болды. Ақыры сол басымдылықтан айырылмай, үшінші матч болын құр жіберген жоқ - 6:3.

Бәсеке 1 сағат 35 минутқа созылды.

З.Дияс жартылай финалда тағы бір америкалық, рейтингте өзінен екі саты жоғары тұрған Дженнифер Брэдимен шеберлік байқасады.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Зарина Диястың Индиан-Уэллс турнирін сәтті бастап, содан кейін ширек финалға шыққанын жазған болатынбыз.

Тағы бір қазақстандық теннисші, рейтингте 153-орындағы Александр Бублик Франциядағы жарыстың жартылайфиналына шықты. Ол осы турнирдің бірінші, әлемнің 125-ракеткасы, франциялық Грегуар Баррермен финалға берілер жолдаманы сарапқа салады.

Соңғы жаңалықтар