Теннис: Зарина Дияс Хиросима турнирінің ширек финалына жолдама алды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат  - Қазақстандық теннисші Зарина Дияс Хиросима турнирінің ширек финалына шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Осы жарыстың алтыншы ракеткасы болып тіркелген З.Дияс екінші айналымда украиналық Катерина Козловамен шеберлік байқасты.

Зарина дүниежүзілік рейтингте 65-інші орында тұрса, қарсыласы 123-інші сатыда еді. Соған қарамастан, тартысты өткен матчта бірінші партия тай-брейкке ұласып, онда К.Козлова 7:3 есебімен басымдылық көрсетті.

Бұдан кейінгі екі сетте  қазақстандық теннисші 6:2, 7:5 есебімен жеңіске жетті.

Матч 2 сағат 38 минутқа созылды.

З.Дияс ширек финалда осы турнирдің бірінші, әлемнің 41-інші ракеткасы, қытайлық Чжан Шуай немесе жапониялық, рейтингте 138-інші орында тұрған Нао Хибиноның біреуімен кездеседі.

Жүлде қоры 250 мың АҚШ доллары болатын Хиросима турнирі 16 қыркүйек күні мәреге жетеді.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын З.Диястың жарысты сәтті бастап, екінші айналымға шыққанын жазған болатынбыз.

 

Соңғы жаңалықтар