+7 (701) 759 90 19
USD 380.84 EUR 419.50
RUB 6.05 CNY 54.90
Jańalyqtar

Теннис: Зарина Дияс Цинциннатидің негізгі турниріне жолдама алды

2019 жылғы 12 тамыз 07:33
Бөлісіңіз:
Теннис: Зарина Дияс Цинциннатидің негізгі турниріне жолдама алды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандық Зарина Дияс Цинциннатиде (АҚШ) негізгі турнирге жолдама алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Теннис: Федерация кубогының іріктеу матчында Қазақстан мен Бельгия құрамалары кездеседі Теннис: Рыбакина-Дияс жұбы Аустралияда үшінші айналымға өте алмады Бублик-Кукушкин жұбы Аустралия чемпионатының ширек финалына шықты

Әлемнің 79-ракеткасы З.Дияс іріктеу сайыстарының финалында рейтингте 55-орындағы америкалық Джессика Пегуламен кездесті.

Үш сағатқа жуық созылған матч өте тартысты өтті.

Бірінші партияда тай-брейкте Д.Пегула басым түсті – 7:6 (7:4). Екіншісінде З.Дияс есе қайырды – 7:6 (7:3).

Үшінші, шешуші партияны қазақстандық теннисші жеңіспен түйіндеді – 6:4.

Осылайша З.Дияс жүлде қоры 3 млн АҚШ долларына жуықтайтын Цинциннатидің негізгі турниріне жолдама алды. Зарина онда әлемнің бұрынғы бірінші, қазір 10-ракеткасы, атақты Серена Уильямспен шеберлік байқасады.

Сәбилі болуына байланысты спорттық жолындағы үзілістен кейін кортқа қайта оралған «Үлкен дулыға» турнирлерінің 23 мәрте чемпионы С.Уильямс нағыз бабына енді еніп келеді. Ол жексенбі күні аяқталған Торонто (Канада) додасының финалына дейін жетті. Бірақ арқасының жарақатына байланысты финалда небәрі төрт гейм өткізіп, есеп канадалық Бьянка Андреескудің пайдасына 1:3 болғаннан кейін жарысты жалғастырудан бас тартты. Оның Цинциннатиде кортқа шығу-шықпауы әзірге белгісіз. Егер Серена бас тартса, оны басқа теннисші алмастыратын болады.

Цинциннатиде Қазақстанның бірінші, әлемнің 42-ракеткасы Юлия Путинцеваның қарсыласы да осал емес. Ол әлемдік рейтингте 82-орында тұрған, 2017 жылғы Ролан Гаррос турнирінің жеңімпазы Елена Остапенкомен күш сынасады.

Ерлер арасындағы Цинциннати жарысында Қазақстанның бірінші, әлемнің 44-ракеткасы Михаил Кукушкин негізгі турнирге өте алмай қалды. Ол іріктеу сайыстарының финалында әлемнің 70-ракеткасы, ресейлік Андрей Рублевтен 6:3, 4:6, 3:6 есебімен жеңіліп қалды.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын М.Кукушкин мен З.Диястын Цинциннатиде іріктеу сайысын сәтті бастағанын жазған болатынбыз.



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Спорт,
Бөлісіңіз:

Автор:

Елжан Ералы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT