+7 (701) 759 90 19
USD 431.07 EUR 485.51
RUB 5.69 CNY 67.47
Jańalyqtar

Теннис: Зарина Дияс АҚШ-тағы турнирдің финалына шықты

2021 жылғы 24 қазан 01:15
Бөлісіңіз:
Теннис: Зарина Дияс АҚШ-тағы турнирдің финалына шықты

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандық, әлемнің 104-ракеткасы Зарина Дияс АҚШ-тағы Джорджия ITF турнирінің финалына шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Зарина Дияс WTA-ның үздік 100 спортшысы тізімінен шығып қалды Теннистен Дэвис кубогы: Қазақстан Канаданы үшінші кездесуінде де ұтты Теннистен Дэвис кубогы: Қазақстан Канаданы жеңіп, ширек финалға шықты

Осы жарыстың 2-ракеткасы болып тіркелген З.Дияс жартылай финалда дүниежүзілік рейтингте 94-орында тұрған бразилиялық Майя Хаддад Беатриспен шеберлік байқасты.

Қазақстандық теннисші 1 сағат 43 минутқа созылған матчта 6:4, 6:1 есебімен жеңіске жетті.

З.Дияс финалда әлемнің 78-інші, осы доданың 1-ракеткасы, америкалық Мэдисон Бренглмен бас жүлдені сарапқа салады.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Зарина Диястың АҚШ-тағы турнирдің жартылай финалына шыққанын, қазақстандық теннисшінің елордадағы жарыстың жеңімпазы атанғанын жазған болатынбыз.





Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Елжан Ералы

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT