Теннис: Зарина Дияс Әбу-Даби турнирінде ұтылып қалды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандық Зарина Дияс Әбу-Даби WTA 500 турнирінің екінші айналымына шыға алмады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Дүниежүзілік рейтингте 80-сатыда тұрған З.Дияс алғашқы айналымда әлемнің 33-інші, осы доданың 17-ракеткасы, ресейлік Екатерина Александровамен кездесті.

Бірінші партияда бір брейк жасаған ресейлік спортшы 6:4 есебімен жеңіске жетті.

Екінші сетте де есеп 4:4 болған сәтте Е.Александрова брейк жасап кетті. Ақыры ол матчты сәтті бітірді – 6:4.

Бәсеке 1 сағат 22 минутқа созылды.

Е.Александрова екінші айналымда ұлыбританиялықтар Хитер Уотсон немесе Джоди Бёррэдждің біреуімен шеберлік байқасады.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Александр Бубликтің жаңа маусымды Анталияда бастайтынын, Юлия Путинцеваның Әбу-Даби турнирін жеңіспен бастағанын жазған едік.

Әбу-Дабиде Қазақстанның бірінші, әлемнің 19-ракеткасы Елена Рыбакина бастапқы матчын рейтингте 394-орында тұрған италиялық Лукреция Стефанинимен өткізеді.

Ярослава Шведованың да қарсыласы – италиялық Бьянка Турати, ол рейтингте 318-сатыда тұр.

Алғашқы ойынын сәтті өткізген Ю.Путинцева екінші айналымда чехиялық Барбора Крейчиковамен күш сынасады.


Соңғы жаңалықтар