Теннис: Заңғар Нұрланұлы Мажарстанда өткен жарыстың жеңімпазы атанды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандық ЗаңғармНұрланұлы Мажарстан астанасы Будапеште 14 жасқамдейінгілер арасында Tennis Europe сериясы бойынша өткенмүшінші санатты жарыста жеңімпаз атанды, деп хабарлайдымҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстан теннис федерациясы мәлім еткеніндей, турнирдіңмбірінші ракеткасы болып тіркелген З.Нұрланұлы финалдамресейлік Алексей Савгирмен кездесті.

Қазақстандық теннисші 6:4, 6:1 есебімен жеңіске жетті.

Бұдан бұрын осы Будапешт қаласында Заңғар финалдамжеңіліп қалған болатын. Енді соның есесін қайырды.

Осылайша З.Нұрланұлы соңғы екі жылда Tennis Europe сериясы бойынша өткен жарыстарда жекелей сында екінші рет топ жарып отыр.

«Турнир мен үшін табысты болды. Кездесулер оңай болған жоқ. Әсіресе, жартылай финалда жергілікті теннисшімен өткен матч тартысты өрбіп, үш сетте жеңіске жеттім. Алдағы уақытта да сәтті өнер көрсету үшін барымды саламын», деді додадан кейін Заңғар Нұрланұлы.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын М.Кукушкиннің US Open турнирінің іріктеу сайысының финалына шыққанын, сондай- ақ қазақстандық теннисшілердің қарсыластары анықталғанын жазған болатынбыз.




Соңғы жаңалықтар