Теннис: Юлия Путинцева Страсбург турнирінің жартылай финалына шыға алмады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанның екінші, әлемнің 43-ракеткасы Юлия Путинцева Страсбург (Франция) WTA 250 турнирінің жартылай финалына шыға алмады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстандық теннисші ширек финалда әлемдік рейтингіде өзінен бес саты төмен тұрған Польша өкілі Магда Линетпен кездесті.

М.Линетт бірінші партияда 6:3 есебімен басым түсті. Ол екінші сетте де қарқынын кеміткен жоқ – 6:3.

Матч барысында Магда 7 брейк-пойнттың төртеуін пайдалана алса, Путинцева біреумен шектелді. Бәсеке 1 сағат 15 минутқа созылды.

Поляк теннисшісі финалға шығу үшін әлемнің 61-ракеткасы, румыниялық Сорана Кырстямен таласады.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Ю.Путинцеваның Страсбург турнирінің ширек финалына шыққанын жазған болатынбыз.

Сондай-ақ қазақстандық теннисші Тимофей Скатов Португалиядағы турнирдің ширек финалына шықты.





Соңғы жаңалықтар