Теннис: Юлия Путинцева Словениядағы жарыстың жартылай финалына шықты

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстандық Юлия Путинцева Словенияда өтіп жатқан Порторож жарысының жартылай финалына шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Әлемнің 44-інші, осы турнирдің 2-ракеткасы Ю.Путинцева ширек финалда рейтингте 167-сатыда тұрған италиялық Лючия Бронцеттимен ойнады.

Қазақстандық теннисші 6:3, 6:2 есебімен жеңіске жетті.

Бір сағат 24 минутқа созылған кездесуде Ю.Путинцева 6 брейк-пойнттың бесеуін пайдаланды. Қарсыласы 2 брейк-пойнтты мүлт жібермеді.

Ю.Путинцева жүлде қоры 190 мың АҚШ долларына жуықтайтын доданың финалына шығу үшін әлемнің 40-ыншы, осы жарыстың 4-ракеткасы, румыниялық Сорана Кырстя немесе рейтингте 87-орындағы италиялық Ясмин Паолинидің біреуімен таласады.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Юлия Путинцеваның Словениядағы турнирдің ширек финалына шыққанын, Зарина Диястың Люксембургта Токио Олимпиадасының чемпионына жол бергенін жазған болатынбыз.




Соңғы жаңалықтар