+7 (701) 759 90 19
USD 426.32 EUR 496.24
RUB 6.04 CNY 66.74
Jańalyqtar

Теннис: Юлия Путинцева Словениядағы турнирдің финалына шыға алмады

2021 жылғы 18 қыркүйек 21:54
Бөлісіңіз:
Теннис: Юлия Путинцева Словениядағы турнирдің финалына шыға алмады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандық, әлемнің 44-ракеткасы Юлия Путинцева Порторож (Словения) WTA 250 турнирінің финалына шыға алмады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Теннис: Жібек Құламбаева Қарағандыдағы турнирдің чемпионы атанды Теннис: Зарина Дияс АҚШ-тағы турнирдің финалына шықты Теннис: Зарина Дияс АҚШ-тағы турнирдің жартылай финалына шықты

Осы жарыстың 2-ракеткасы Ю.Путинцева жартылай финалда дүниежүзілік рейтингте 87-орында тұрған италиялық Ясмин Паолинимен шеберлік байқасты.

Я.Паолини биыл АҚШ ашық чемпионатында қазақстандық Ярослава Шведованы жеңген болатын.

Бірінші партияда Ю.Путинцева айқын басымдылық көрсетті – 6:1.

Екінші сетте италиялық спортшы брейк жасап, 2:1 есебімен алға шыққанымен, Юлия сол бойда таразы басын теңестірді. Алайда Паолини қайтадан күш алып кетті – 6:3.

Үшінші, шешуші партияда италиялық теннисші 3:0 есебімен алға кетті. Ақыры сол басымдылығын пайдалана білді – 6:4.

2 сағат 15 минутқа созылған тартысты матч барысында Путинцева 8 брейк-пойнттың алтауын мүлт жібермеді. Қарсыласы 11 брейк-пойнттың алтауын өз есебіне жазды.

Я.Паолини финалда әлемнің 38-ракеткасы, америкалық Элисон Риске немесе рейтингте 103-сатыдағы словениялық Кая Юванның біреуімен бас жүлдені сарапқа салады.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Юлия Путинцеваның Словениядағы жарыстың жартылай финалына шыққанын, Жібек Құламбаева мен Тимофей Скатовтың Қазақстанның абсолютті чемпиондары атанғанын жазған болатынбыз.

Сондай-ақ Astana Open ATP турнирінде қазақстандықтардың қарсыластары анықталды.






Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Елжан Ералы

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT