Теннис: Юлия Путинцева Словениядағы турнирді сәтті бастады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандық, әлемнің 44-ракеткасы Юлия Путинцева Порторож (Словения) WTA 250 турнирінің екінші айналымына шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Осы жарыстың 2-ракеткасы болып тіркелген Ю.Путннцева алғашқы айналымда дүниежүзілік рейтингте 127-орында тұрған румыниялық Жаклин Кристианмен кездесті.

Қазақстандық теннисші 6:4, 6:4 есебімен жеңіске жетті.

Сағат жарымнан астам уақытқа созылған бәсеке барысында Ю.Путинцева 4 брейк-пойнттың үшеуін пайдаланса, қарсыласы 1 брейкпен (6 брейк-пойнт) шектелді.

Ю.Путинцева екінші айналымда әлемнің 171-ракеткасы, ұлыбританиялық Кэти Бултермен кортқа шығады. Ол 135-сатыдағы украиналық Катарина Завацкаяны 7:5, 6:3 есебімен тізе бүктірді.

Жүлде қоры 190 мың АҚШ долларына жуықтайтын аталмыш дода 19 қыркүйекте мәреге жетеді.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Александр Бубликтің рейтингіде рекордтық көрсеткішке қол жеткізгенін жазған болатынбыз.



Соңғы жаңалықтар