+7 (701) 759 90 19
USD 425.59 EUR 505.43
RUB 5.61 CNY 64.83
Jańalyqtar

Теннис: Юлия Путинцева рейтингте үздік отыздыққа ілікті

2020 жылғы 14 қыркүйек 10:46
Бөлісіңіз:
Теннис: Юлия Путинцева рейтингте үздік отыздыққа ілікті

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандық Юлия Путинцева әйелдер теннис қауымдастығының (WTA) жаңартылған рейтингісінде үздік отыздыққа кірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Бүгін бокстан Қазақстан біріншілігі жалауын көтереді Бокстан Қазақстан чемпионатының жүлде қоры белгілі болды Қазақстан спортшысы желкенді қайық спортынан халықаралық турнирде «күміс» алды

Биылғы US Open турнирінің ширек финалына дейін жеткен Ю.Путинцева 35-тен 30-орынға көтерілді.

Қазақстандық теннисші өзінің үздік көрсеткішіне (27) үш-ақ саты жетпей тұр.

Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина 17-ден 18-ге, ал Зарина Дияс 69-дан 72-сатыға сырғыды.

Дүниежүзілік рейтингте бұрынғыша аустралиялық Эшли Барти көш бастаса, румыниялық Симона Халеп екінші орында келеді. US Open турнирінің чемпионы, жапониялық Наоми Осака үздік үштікті түйіндеп тұр.

Жұптық сында Галина Воскобоева 62-ден 67-ге, Анна Данилина 126-дан 127-ге, Ю.Путинцева 172-ден 177-ге төмендеді.

Е.Рыбакина мен Ю.Путинцева бүгін басталатын Рим турнирінде сәтті өнер көрсетсе, рейтингідегі орнын жақсарта алады. Е.Рыбакина алғашқы бәсекесінде әлемнің 31-ракеткасы, ресейлік Екатерина Александровамен, Ю.Путинцева рейтингте 49-сатыдағы швециялық Ребекка Петерсонмен кортқа шығады.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын М.Кукушкиннің Римде іріктеу сайыстарының финалына шыққанын жазған болатынбыз.

М.Кукушкин бүгін германиялық Доминик Кёпферді ұтса, негізгі турнирге жолдама алады.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Елжан Ералы

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT