ТЕННИС: Юлия Путинцева Индиан-Уэллс жарысында Серена Уильямстан жеңіліп қалды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Америкалық Индиан-Уэллста теннистен хардтағы «BNP Paribas Open» турнирі өтіп жатыр, деп хабарлайды Sports.kz.

Қазақстандық Юлия Путницева үшінші раунд ойынында ғаламшардың бірінші ракеткасы, америкалық Серена Уильямстан жеңілді.

Юля алғашқы сетте тай-брейкқа дейін 6:7 есебімен жетіп, қарсылық танытып жатса, екіншісінде бұдан әлдеқайда тәжірибелі Уильямс отандасымызға мүмкіндік қалдырмай, ойынды 0:6 есебімен аяқтады.

Соңғы жаңалықтар