Теннис: Юлия Путинцева Белград турнирінің ширек финалына шыға алмады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстандық Юлия Путинцева Белград WTA 250 турнирінің ширек финалына шыға алмады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Әлемнің 35-інші, осы доданың 2-ракеткасы Ю.Путинцева Сербия ашық чемпионатының екінші айналымында дүниежүзілік рейтингте 188-орында тұрған хорватиялық Ана Конюхпен кездесті.

Хорватиялық теннисші бірінші партияда 6:3 есебімен басым түсті. Екіншісінде мүмкіндігін мүлт жіберген жоқ - 6:4.

Бәсеке 1 сағат 23 минутқа созылды.

А.Конюх жартылай финалға шығу үшін әлемнің 42-ракеткасы, аргентиналық Надя Подороскамен таласады.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Ю.Путинцеваның Сербия ашық чемпионатын жеңіспен бастағанын, қазақстандық теннисшінің Лион турнирінің ширек финалына шыққанын жазған болатынбыз.

Сондай-ақ тағы бір қазақстандық теннисші жұптық сында Женева турнирін жеңіспен бастады.


Соңғы жаңалықтар