+7 (701) 759 90 19
USD 426.77 EUR 509.95
RUB 5.89 CNY 66.34
Jańalyqtar

Теннис: Ярослава Шведова Рим турнирінің екінші айналымына шықты

2021 жылғы 11 мамыр 17:09
Бөлісіңіз:
Теннис: Ярослава Шведова Рим турнирінің екінші айналымына шықты

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстан әйелдер құрамасының капитаны Ярослава Шведова Рим WTA 1000 турнирінің екінші айналымына шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Ауыр салмақтағы нокаутер Иван Дычконың келесі жекпе-жегі қашан өтетіні белгілі болды Футболдан Еуропа чемпионаты: Англия мен Шотландия тең түсті Футболдан Еуропа чемпионаты: Хорватия мен Чехия тең түсті

Дүниежүзілік рейтингте 665-орында тұрған Я.Шведова бастапқы кездесуін әлемнің 97-ракеткасы, италиялық Мартина Тревизанмен өткізді.

Бірінші партияда М.Тревизан бірде-бір гейм берген жоқ – 6:0.

Есесіне екінші сетте Я.Шведова тай-брейкте қарсыласының меселін қайырды – 7:6 (7:4).

Үшінші, шешуші партияда қазақстандық теннисші тағы да тай-брейкте жеңісті жұлып алды – 7:6 (8:6).

Тартысты өткен бәсеке 2 сағат 35 минутқа созылды.

Я.Шведова жүлде қоры 1,8 млн АҚШ долларынан асатын доданың екінші айналымында әлемнің 1-ракеткасы, аустралиялық Эшли Бартимен шеберлік байқасады.

Жуырда Мадрид жарысының іріктеу сайысында М.Тревизанды Зарина Дияс та ұтқан болатын.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Александр Бубликтің әлемдегі үздік 40 теннисшінің қатарына кіргенін, Римде Юлия Путинцеваның аса тартысты матчта жеңіліп қалғанын жазған болатынбыз.

Сондай-ақ А.Бублик Рим мастерс турнирінің екінші айналымына шыға алмады.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Елжан Ералы

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT