ТЕННИС: Ярослава Шведова Брисбендегі турнирде екінші айналымға шықты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Австралияның Брисбен қаласында теннистен өтіп жатқан халықаралық турнирде қазақстандық, әлемнің 65-інші ракеткасы Ярослава Шведова алғашқы кездесуін дүниежүзілік рейтингте 26-орында тұрған неміс қызы Сабина Лисицкимен өткізді.

Бұл матчта алғашқы партияда Ярослава 0:6 есебімен есе жібергенімен, келесі сеттерде жинақы да сәтті өнер көрсетіп, 7:5, 6:4 есебімен жеңіске жетті. Енді Я.Шведова атақты орыс теннисшісі, әлемнің екінші ракеткасы Мария Шараповамен шеберлік байқасады. Бұл Марияның жаңа жылдағы беташар ойыны болмақ. Аталған турнирдің жүлде қоры - 1 млн. АҚШ доллары. Я.Шведова мұнда біліктілік сайыстарын сәтті өткізіп, негізгі турнирге жолдама алған болатын. Айта кетейік, Қытайдың Шэньчжэнь қаласында өтіп жатқан тағы бір турнирде Қазақстанның бірінші ракеткасы Зарина Дияс екінші айналымда өзінің құрдасы, жиырма бір жасар венгриялық теннисші Тимя Бабошпен кортқа шығады. Бұл матч 7 қаңтар күні болады.

Соңғы жаңалықтар