ТЕННИС: Я.Шведова төртінші айналымға өте алмады

Фото: None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Мельбурн қаласында өтіп жатқан Австралия ашық чемпионатында үшінші айналым ойындары басталды.

Чемпионат.ком сайтынан алынған мәліметке қарағанда, алғашқылардың бірі болып кортқа шыққан қазақстандық Ярослава Шведова қытай қызы Пэн Шуаймен шеберлік байқасты. Аса тартысты өткен ойында бірінші партияда П.Шуай тай-брейкте таразы басын өзіне аудара алды. Есеп - 7:6. Екінші партия да осылай өтіп жатты. Әр геймді ұту ойыншыларға қиынға түсті. Есеп 3:3 болған сәттен кейін жетінші геймді Ярослава беріп қойды. Бұдан кейін Пэн Шуай дес бермей, үш геймді қатар ұтып, 6:3 есебімен жеңіп кетті. Дегенмен, биылғы чемпионатта Я.Шведова біршама сәтті өнер көрсетті. Өткен жылы ол бірінші айналымнан аса алмаған болатын.

Айта кетейік, әлемдік сатыда 21-інші орында тұрған П.Шуай төртінші айналымда ресейлік Мария Шарапова немесе қазақстандық Зарина Диястың біреуімен кездеседі. Бүгін тағы бір ресейлік Екатерина Макарова чехиялық Каролина Плишкованы жеңіп, келесі айналымға жолдама алды. Ал З.Дияс жекелей сында Қазақстаннан жалғыз қалды.

Соңғы жаңалықтар