Теннис: Воскобоева жұптық сында Страсбург турнирінің жартылай финалына шықты

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстандық Галина Воскобоева украиналық Даяна Ястремскаямен бірге Страсбург турнирінің жартылай финалына шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстандық-украиналық жұп жапониялық Мию Като мен аустралиялық Сторм Сандерспен шеберлік байқасты.

Бірінші партияда Воскобоева мен Ястремская 6:3 есебімен жеңіске жетті.

Екінші сетте есеп 4:4 болған мезетте олар брейк жасай алды - 5:4. Содан кейін өз геймдерін де жіберген жоқ - 6:4.

Бәсеке бір сағаттан астам уақытқа созылды.

Г.Воскобоева мен Д.Ястремская финалға шығу үшін қытайлықтар Йин-Йин Дуань мен Син-Юнь Ханьмен таласады.

Әлемнің 42-ракеткасы, 19 жасар Даяна Ястремская жекелей сында да жартылай финалға шықты.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Қазақстанның бірінші, әлемнің 39-ракеткасы Юлия Путинцеваның Нюрнберг турнирінің жартылай финалына, тағы бір қазақстандық Елена Рыбакинаның «Ролан Гаррос» турнирі іріктеу сайысының финалына шыққанын жазған болатынбыз.

Ал Галина Воскобоева жұптық сында Страсбург жарысының ширек финалына өткен еді.

Соңғы жаңалықтар