Теннис: Воскобоева жұптық сында Ноттингем турнирінің ширек финалына шықты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат  - Қазақстандық Галина Воскобоева жұптық сында Ноттингем (Ұлыбритания) турнирінің ширек финалына шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ол ресейлік теннисші Натела Дзаламидземен бірге алғашқы кездесуін сәтті өткізді.

Қазақстандық-ресейлік жұп австралиялық Арина Родионова мен Украина елінің өкілі Ольга Савчукті 7:5, 6:1 есебімен ұтты. Кездесу 1 сағат 5 минутқа созылды.

Воскобоева мен Дзаламидзе жартылай финалға шығу үшін жұптық сында үшінші ракетка болып тіркелген поляк қызы Алиция Росольска және америкалық Эбигейл Спирспен күш сынасады.

Еске сала кетейік, кеше Ноттингем турнирінде жекелей сында Қазақстанның бірінші, әлемнің 45-інші ракеткасы Зарина Диястың  ойын үстінде жарақат алып, жарыс жолынан шығып қалғанын жазған болатынбыз. Зарина сонымен қатар қытайлық Чжэн Сайсаймен бірге жұптық бәсекеге де түсіп, бастапқы кездесуінде ұлыбританиялық Йоханна Конта мен бельгиялық Янина Викмайерді ұтып, олар да ширек финалға шыққан еді.

 

Соңғы жаңалықтар