Теннис: Воскобоева жұптық сында Бирмингем турнирінің ширек финалына шықты

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстандық Галина Воскобоева латвиялық Елена Остапенкомен бірге жұптық сында Бирмингем WTA турнирінің ширек финалына шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қазақстандық-латвиялық жұп алғашқы айналымда ұлыбританиялықтар Эден Сильва мен Сара Бет Греймен шеберлік байқасты.
Бірінші партияда Воскобоева мен Остапенко қарсыластарына бірде-бір гейм берген жоқ - 6:0.
Екінші сетте ұлыбританиялықтар тай-брейкте есе қайырды - 7:6 (7:3). Содан кейін Воскобоева мен Остапенко матчты жеңіспен аяқтай білді - 10:8.
Бәсеке 1 сағат 19 минутқа созылды.
Қазіргі кезде әлемдік рейтингте 37-сатыда тұрған Елена Остапенконың бұдан екі жыл бұрын жиырма жасында жекелей сында Ролан Гаррос додасының жеңімпазы атанған болатын.
Қазақстандық-латвиялық жұп жартылай финалға шығу үшін осы жарыстың 3-ракеткалары, америкалық Николь Меличар мен чехиялық Квета Пешке немесе Польша елінің өкілі Алисия Росольска мен қытайлық Чжаосюань Янның қай жеңгенімен таласады.
Жүлде қоры 1 млн АҚШ долларынан асатын Бирмингем турнирі 23 маусымда мәреге жетеді.
Жекелей сында Қазақстанның бірінші, әлемнің 43-ракеткасы Юлия Путинцева алғашқы айналымда рейтингте 157-сатыдағы тағы бір ұлыбританиялық Хэрриет Дартпен кездеседі.
Ерлер арасында Қазақстанның бірінші, әлемнің 47-ракеткасы Михаил Кукушкин Лондон ATP турнирінің (жүлде қоры - 2 млн астам еуро) бірінші айналымында рейтингте 65-орындағы франциялық Жереми Шардимен кортқа шығады.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Зарина Диястың Манчестер жарысының финалында ұтылып қалғанын, дегенмен әлемдік рейтингте 89-орынға көтерілгенін, ал Александр Бубликтің Лондон турнирінің алғашқы айналымынан аса алмағанын жазған болатынбыз.
- Алматыдағы бокс кеші: Тағы үш қазақстандықтың қарсыластары анықталды
- Алтай Көлгінов елордалық Жеңіл атлетика федерациясының президенті болып сайланды
- Үйіңе келу қашан да бақыт- Геннадий Головкин
- Әлемдік автоспорт жұлдыздары Қазақстанға келеді
-
Жәнібек Әлімханұлының WBC-тегі рейтингі тағы жоғарылады
-
Нұржан Мақашбаев профи-рингтегі екінші айқасын да тең аяқтады
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам