Теннис: Воскобоева Страсбург турнирінде жеңіліп қалды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстандық Галина Воскобоева украиналық Даяна Ястремскаямен бірге Страсбург турнирінің финалына шыға алмады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстандық-украиналық жұп жартылай финалда қытайлықтар Йин-Йин Дуань мен Син-Юнь Ханьмен кездесті.

Бірінші партияда 6:2 есебімен қытайлық жұп басым түсті.

Екіншісінде Воскобоева мен Ястремская есе қайырды - 6:3. Алайда содан кейін қытайлықтар ұтып кетті - 10:7.

Бәсеке 1 сағат 28 минутқа созылды.

Қытайлық жұп финалда аустралиялықтар Дарья Гаврилова мен Эллен Переспен кортқа шығады.

Жекелей сында сәтті өнер көрсеткен Даяна Ястремская Страсбург турнирінің финалына шықты. Онда ол франциялық Каролин Гарсиямен бас жүлдені сарапқа салады.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Юлия Путинцеваның Нюрнберг турнирінің финалына шыққанын, тағы бір қазақстандық Елена Рыбакинаның «Ролан Гарростың» негізгі турниріне жолдама алғанын жазған болатынбыз.

Ю.Путинцева финалда әлемнің 68-ракеткасы, словениялық Тамара Зиданшекпен кездеседі.

Сондай-ақ қазақстандық теннисшілердің «Ролан Гаррос» турниріндегі қарсыластары анықталды.

Іріктеу сайыстарында жеңімпаз атанған Елена Рыбакина әлемнің 43-ракеткасы, чехиялық Катержина Синяковамен шеберлік байқасады. Бір қызығы, К.Синякова Нюрнберг турнирінің жартылай финалында Т.Зиданшектен ұтылып қалды.

Соңғы жаңалықтар