+7 (701) 759 90 19
USD 427.15 EUR 519.12
RUB 5.96 CNY 66.84
Jańalyqtar

Теннис: Тимофей Скатов Түркиядағы турнирдің ширек финалына шықты

2021 жылғы 13 мамыр 23:26
Бөлісіңіз:
Теннис: Тимофей Скатов Түркиядағы турнирдің ширек финалына шықты

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандық жас теннисші Тимофей Скатов Түркиядағы Анталия ITF турнирінің ширек финалына шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Футболдан Еуропа чемпионаты: Словакия Польшаны қапы қалдырды Андрей Голубев жұптық рейтингіде әлемдегі үздік 40 теннисшінің қатарына енді Теннис: Елена Рыбакина әлемдік рейтингіде 21-орынға көтерілді

Әлемнің 442-ракеткасы, осы жарыстың 6-ракеткасы болып тіркелген 20 жастағы Т.Скатов алғашқы кездесуін дүниежүзілік рейтингте 867-орында тұрған ресейлік Владимир Королевпен өткізді.

Қазақстандық теннисші 6:2, 6:1 есебімен жеңіске жетті.

Т.Скатов екінші айналымда швециялық, 17 жасар Лео Боргпен шеберлік байқасты. Мұнда да ол қарсыласын 6:2, 6:1 есебімен ұтты.

Т.Скатов жартылай финалға шығу үшін әлемнің 381-інші, осы доданың 3-ракеткасы, аустриялық Александр Эрлермен таласады.

Тағы бір қазақстандық Денис Евсеев Босния және Герцоговинада өтіп жатқан осындай ITF турнирінде өнер көрсетуде. Ол бастапқы қарсыласы, италиялық Марко Бортолоттиді 7:6, 6:3 есебімен тізе бүктірді.

Д.Евсеев ширек финалға шығу үшін мажарстандық Петер Файтамен күш сынасады.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Ярослава Шведованың Римде әлемнің бірінші ракеткасына жол бергенін жазған болатынбыз.




Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Елжан Ералы

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT