Теннис: Тимофей Скатов Киев турнирінің жартылай финалына шықты

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандық Тимофей Скатов Киев челленджер турнирінің жартылай финалына шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Дүниежүзілік рейтингте 299-орында тұрған Т.Скатов ширек финалда әлемнің 283-ракеткасы, португалиялық Нуно Боргеспен күш сынасты.

Бірінші партияда тай-брейкте португалиялық теннисші әбжілдік танытты – 7:6 (7:5). Дегенмен бұдан кейін қазақстандық спортшы ойын тізгінін қолына ала білді – 6:4, 6:4.

Үш сағаттан астам уақытқа созылған тартысты бәсеке барысында Т.Скатов 14 брейк-пойнттың бесеуін пайдаланды. Қарсыласы 6 эйс, 3 брейкке (16 брейк-пойнт) қол жеткізді.

Т.Скатов финалға шығу үшін рейтингте 291-сатыдағы италиялық Франко Агаменонемен таласады. Ол украиналық Алексей Крутыхты 6:2, 6:3 есебімен ұтты.

Тағы бір қазақстандық Дмитрий Попко ширек финалда түркиялық Ерги Киркинмен шеберлік байқасады.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Тимофей Скатов пен Дмитрий Попконың Киев турнирінің ширек финалына шыққанын жазған болатынбыз.

Сондай-ақ Әмір Омарханов Баку турнирінің финалына өтті.


Соңғы жаңалықтар