Теннис: Тимофей Скатов Алматы турнирінің жартылай финалына шықты

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандық Тимофей Скатов Алматы челленджер турнирінің жартылай финалына шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Дүниежүзілік рейтингте 399-орында тұрған 20 жастағы қазақстандық теннисші ширек финалда әлемнің 327-ракеткасы, франциялық Эван Фернеспен күш сынасты.

Бірінші партияда франциялық теннисші басым болды – 6:4.

Екінші сетте тай-брейкте қазақстандық спортшы жеңісті жұлып алды – 7:6 (10:8).

Үшінші, шешуші партияда Т.Скатов шеберлігін таныта білді– 6:4.

Аса тартысты өткен бәсеке 3 сағат 5 минутқа созылды.

Т.Скатов финалға шығу үшін әлемнің 279-ракеткасы, тайбэйлік Цзэн Цзэнмен таласады. Ол ширек финалда екі сағаттан астам уақытқа созылған матчта болгариялық Димитар Кузмановты жолдан тайдырды – 7:6 (7:1), 6:3.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын қазақстандық жұптың тұңғыш рет Ролан Гаррос жарысының финалына, А.Недовесов жұптық сында Братислава турнирінің жартылай финалына шыққанын жазған болатынбыз.

Зарина Дияс Ноттингем турнирінің ширек финалына шыға алмады.





Соңғы жаңалықтар