+7 (701) 759 90 19
USD 423.91 EUR 497.37
RUB 5.82 CNY 65.59
Jańalyqtar

Теннис: Тимофей Скатов Алматы турнирінің ширек финалына шықты

2021 жылғы 9 маусым 15:31
Бөлісіңіз:
Теннис: Тимофей Скатов Алматы турнирінің ширек финалына шықты

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстандық Тимофей Скатов Алматы челленджер турнирінің ширек финалына шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Astana Open: Александр Бублик жартылай финалға шықты Алматыда тұрғындарды жүк контейнерлерін сатамын деп алдап келген алаяқ қолға түсті Алмаз Шарман коронавирустың «Eta» штамы туралы айтты

Дүниежүзілік рейтингте 399-орында тұрған Т.Скатов екінші айналымда әлемнің 385-ракеткасы, отандасы Денис Евсеевпен кездесті.

Бірінші партияда Д.Евсеев айқын басымдылық көрсетті - 6:1.

Екіншісінде Т.Скатов дәл сондай есеппен жауап қайырды - 6:1.

Үшінші, шешуші сет әлдеқайда тартысты болды. Ақыры Скатов 6:4 есебімен жеңіске жетті.

Т.Скатов Алматы додасының жартылай финалына шығу үшін рейтингте 327-сатыдағы франциялық Эвен Фернеспен таласады.

Тағы бір қазақстандық Дмитрий Попко ширек финалға шығу үшін румыниялық Филип Жиянумен шеберлік байқасады.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Елена Рыбакинаның Ролан Гаррос турнирінің жартылай финалына шыға алмағанын жазған болатынбыз.

Ал Зарина Дияс Ноттингем турнирінің үшінші айналымына шықты.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Елжан Ералы

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT