Теннис: Тимофей Скатов Алматы турнирінің финалына шықты

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандық Тимофей Скатов Алматы челленджер турнирінің финалына шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Дүниежүзілік рейтингте 399-орында тұрған 20 жастағы қазақстандық теннисші жартылай финалда өзінің құрдасы, әлемнің 279-ракеткасы, тайбэйлік Цзэн Цзэнмен шеберлік

байқасты.

Жасөспірім кездерінде екеуі де табысты өнер көрсетіп, өзара бір рет кездесіп, онда тайбэйлік теннисші жеңіске жеткен екен.

Бірінші партияда Т.Скатов бастап доп берді. Тартысты геймде қарсыласы бес бірдей брейк-пойнтты пайдалана алмады. Есесіне сосын қазақстандық теннисші қос брейк жасап, есепті 5:1-ге жеткізді. Бұдан кейін тайбэйлік спортшы брейк жасады. Дегенмен Тимофей бұл сетті тағы бір брейкпен тәмамдады – 6:2.

Екінші сетте есеп 2:1 болған мезетте қазақстандық спортшы брейк жасағанымен, қарсыласы сол бойда есе қайырды. Есеп 4:3 болғанда, Т.Скатов тағы бір брейкке қол жеткізді. Сосын матчқа доп бергенде, өз мүмкіндігін жіберген жоқ – 6:3.

Бәсеке 1 сағат 31 минутқа созылды.

Т.Скатов финалда тағы бір қазақстандық Дмитрий Попко немесе бельгиялық Зизу Бергстің біреуімен бас жүлдені сарапқа салады.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Т.Скатовтың Алматы турнирінің жартылай финалына шыққанын, Д.Попконың осы жарыста бірінші ракетканы ұтқанын жазған болатынбыз.

Сондай-ақ қазақстандық теннисші Братиславадағы турнирдің финалына шықты.




Соңғы жаңалықтар