USD 434.48 EUR 492.61
RUB 5.68 CNY 68.44
Jańalyqtar

Теннис: Тимофей Скатов алғаш рет «Үлкен дулыға» турнирінде ойнайды

2022 жылғы 14 қаңтар 11:05
Бөлісіңіз:
Теннис: Тимофей Скатов алғаш рет «Үлкен дулыға» турнирінде ойнайды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандық Тимофей Скатов өз спорттық жолында алғаш рет «Үлкен дулыға» турнирінде ойнайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Батысқазақстандық шорттрекші Бейжің олимпиадасында бақ сынайды Аса ауыр салмақтағы қазақстандық боксшының WBC титулы үшін кіммен айқасатыны белгілі болды Australian Open: Александр Бублик жарыс жолынан шығып қалды

Қазақстан теннис федерациясы мәлім еткеніндей, Т.Скатов Аустралия ашық чемпионаты іріктеу сайыстарының финалында португалиялық Гаштау Элиашпен кездесті.

Қазақстандық теннисші 6:4, 7:6 (7:5) есебімен жеңіске жетті. Екінші партияда Тимофей 2:5 есебімен ұтылып жатып, таразы басын теңестіре білді. Содан кейін тай-брейкте жеңісті жұлып алды. 1 сағат 43 минутқа созылған бәсеке барысында Т.Скатов эйс жасамағанымен, 7 брейк-пойнттың төртеуін пайдаланды. Қарсыласы 8 эйс, 3 брейкке (5 брейк-

пойнт) қол жеткізді.

Осылайша 20 жастағы Петропавл қаласының тумасы Т.Скатов ересектер арасында бірінші рет Grand Slam додасында бақ сынамақ. Бұған дейін ол жасөспірімдер арасында «Үлкен дулығада» өнер көрсетіп, 2017 жылы US Open жарысында жартылай финалға дейін жетті.

Тағы бір қазақстандық Дмитрий Попко іріктеу сайыстарының финалында чехиялық Иржи Лехечкаға 6:4, 3:6, 3:6 есебімен есе жіберіп, негізгі турнирге өте алмай

қалды.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Анна Данилинаның Сидней турнирінің жартылай финалына шыққанын, Аустралия ашық чемпионатында Елена Рыбакина мен Зарина Диястың өзара

кездесетінін жазған болатынбыз.




Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Елжан Ералы

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT