Теннис: Рыбакина «Ролан Гарростың» негізгі турниріне жолдама алды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина «Ролан Гарростың» негізгі турниріне жолдама алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстандық теннисші іріктеу сайыстарының финалында жапониялық Нао Хибиномен кездесті.

Е.Рыбакина дүниежүзілік рейтингте 139-орында болса, қарсыласы 123-сатыда еді.

Қазақстандық теннисші қарсыласын 7:5, 7:5 есебімен ұтты.

Бәсеке 1 сағат 21 минутқа созылды.

Осылайша Е.Рыбакина негізгі турнирге өтті.

Осыған дейін «Ролан Гаррос» турнирінің іріктеу сайысының финалына шыққанын жазған болатынбыз.

Соңғы жаңалықтар