Теннис: Рыбакина «Ролан Гаррос» турнирінің жеңімпазынан ұтылып қалды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандық Елена Рыбакина Аустриядағы Линц WTA турнирінің жартылай финалына шыға алмады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Дүниежүзілік рейтингте 43-орында тұрған Е.Рыбакина ширек финалда әлемнің 72-ракеткасы, 2017 жылғы «Ролан Гаррос» турнирінің жеңімпазы, латвиялық Елена Остапенкомен кездесті

Латвиялық спортшы бірінші партияда брейк басымдылығын сақтай білді – 7:5.

Екінші сетте Е.Остапенко қарқынын тіпті үдетті – 6:1.

Бәсеке 1 сағат 13 минутқа созылды.

Е.Остапенко жарыстың (жүлде қоры – 250 мың АҚШ доллары) жартылай финалында әлемнің 35-ракеткасы, ресейлік Екатерина Александровамен шеберлік байқасады.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Юлия Путинцеваның Тяньцзинь турнирінің жартылай финалына шыға алмағанын жазған болатынбыз.

Соңғы жаңалықтар