+7 (701) 759 90 19
USD 383.95 EUR 429.26
RUB 6.16 CNY 55.02
Jańalyqtar

Теннис: Рыбакина Люксембург турнирінің ширек финалына шықты

2019 жылғы 16 қазан 17:10
Бөлісіңіз:
Теннис: Рыбакина Люксембург турнирінің ширек финалына шықты

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандық Елена Рыбакина Люксембург WTA турнирінің ширек финалына шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Теннис: Дмитрий Попко АҚШ-тағы турнирдің жартылай финалына шықты Теннис: Елордадағы матчта Надаль Джоковичті жеңді Теннис: Кукушкин Вена турнирін жеңіспен бастады

Осы жарыстың үшінші, әлемнің 43-ракеткасы Е.Рыбакина екінші айналымда рейтингте 247-орында тұрған чехиялық Дениса Аллертовамен кездесті.

Бірінші партияда есеп 2:1 болған мезетте қазақстандық теннисші брейк жасай білді. Сосын сетті тағы бір брейкпен бітірді – 6:2.

Екінші партияда да Е.Рыбакина брейкпен алға шықты – 3:1. Тағы бір брейктен кейін мачтқа доп бергенде де қарқынын бәсеңдеткен жоқ – 6:1.

Қазақстандық спортшының басымдылығымен өткен бәсеке 58 минутқа созылды.

Е.Рыбакина жүлде қоры 226,4 мың АҚШ долларына бағаланған доданың жартылай финалына шығу үшін әлемнің 52-ракеткасы, словакиялық Виктория Кузьмова немесе рейтингте 79-сатыдағы германиялық Лаура Зигемундтың қай жеңгенімен таласады.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Е.Рыбакинаның Люксембург турнирінің екінші айналымына шыққанын, ал Ю.Путинцева мен А.Бубликтің Мәскеуде «Кремль кубогында» жеңіліп қалғанын жазған болатынбыз.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Спорт, Қоғам,
Бөлісіңіз:

Автор:

Елжан Ералы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT