Теннис: Рыбакина Люксембург турнирінің екінші айналымына шықты

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандық Елена Рыбакина Люксембург WTA турнирінің екінші айналымына шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Әлемнің 43-ракеткасы Е.Рыбакина алғашқы кездесуін дүниежүзілік рейтингте 150-орында тұрған франциялық Хлоэ Пакемен өткізді.

Х.Паке негізгі жарысқа іріктеу сайыстарынан кейін қосылса, қазақстандық теннисші турнирдің 3-ракеткасы болып тіркелген еді.

Бірінші партияда Е.Рыбакина айқын басымдылық көрсетті – 6:2.

Екінші сет тай-брейкке дейін жетіп, онда да қазақстандық спортшы өз мүмкіндігін жіберген жоқ – 7:6 (7:2).

Бәсеке 1 сағат 28 минутқа созылды.

Е.Рыбакина жүлде қоры 226,4 мың АҚШ долларына бағаланған доданың ширек финалына шығу үшін рейтингте 247-сатыдағы чехиялық Дениса Аллертовамен таласады.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын М.Кукушкиннің «Кремль кубогын» жеңіспен бастағанын жазған болатынбыз.

Соңғы жаңалықтар