+7 (701) 759 90 19
USD 419.54 EUR 509.2
RUB 5.72 CNY 64.81
Jańalyqtar

Теннис: Рыбакина Линц турнирінің ширек финалына шықты

2019 жылғы 10 қазан 00:16
Бөлісіңіз:
Теннис: Рыбакина Линц турнирінің ширек финалына шықты

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандық Елена Рыбакина Аустриядағы Линц WTA турнирінің ширек финалына шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Альпинистер алғаш рет қыста Жердің ең биік екінші шыңын бағындырды Қарағандыда теннистен республикалық турнир мәреге жетті Теннис: Денис Евсеев Түркиядағы турнирдің финалына шықты

Әлемнің 43-ракеткасы Е.Рыбакина екінші айналымда дүниежүзілік рейтингте 166-орында тұрған германиялық Анна-Лена Фридзаммен кездесті.

Бірінші партияда қазақстандық теннисші 6:3 есебімен ұтса, екіншісінде қарсыласы есе қайырды – 7:5.

Үшінші, шешуші сетте Е.Рыбакина таразы басын өзіне аудара білді – 6:4.

Тартысты бәсеке 2 сағат 11 минутқа созылды.

Е.Рыбакина Линц додасының (жүлде қоры – 250 мың АҚШ доллары) жартылай финалына шығу үшін әлемнің 57-ракеткасы, франциялық Ализе Корне немесе рейтингте 72-орындағы латвиялық Елена Остапенконың біреуімен таласады.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Юлия Путинцеваның Тяньцзинь турнирінің ширек финалына шыққанын, ал Михаил Кукушкиннің Шанхайда ұтылып қалғанын жазған болатынбыз.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Елжан Ералы

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT