Теннис: «Ролан Гарроста» қазақстандықтардың қарсыластары белгілі болды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Парижде Франция ашық чемпионатына жеребе тасталды, деп хабарлайды Sports.kz.

Биыл «Үлкен шлем» сериясы екінші турнирінде әйелдердің жеке сайысында Қазақстанның намысын Зарина Дияс пен Юлия Путинцева қорғайды. Ал, Михаил Кукушкин ерлер арасындағы жарыста күш сынамақ.

WTA рейтингінің 53-ші орнын иеленген Дияс турнирде поляк спортшысы Магда Линеттпен (67) кездеседі. Әлемнің 93-ші ракеткасы Путинцева екінші айналымда ұлыбританиялық Йоханна Контамен (22) ойнайды.

Кукушкин (91) «Ролан Гаррос» стартында испандық Альберт Рамоспен (36) күш сынайды.

Барлық матчтар жексенбі, 27 мамырға жоспарланған. 

Фото: Corinne Dubreuil / FFT

Соңғы жаңалықтар