Теннис рейтингі: Михаил Кукушкин 6 сатыға жоғарылады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Кәсіпқой теннисшілер қауымдастығының жаңартылған рейтингі жарияланды, деп хабарлайды Sports.kz.

Рейтинг кестесінде швейцариялық Роджер Федерер көш бастап тұр. Екінші орында испанялық Рафаель Надаль және үздік үштікті қорытындылайтын хорват спортшысы Марин Чилич. АҚШ-тағы Ирвин қаласында өткен

«Челленджер» сериясының турнирін жеңіп алған қазақстандық теннисші Михаил Кукушкин 89 орыннан 83 орынға көтерілді.  ТОП-100 кестесіне жақын қазақстандықтардан әзірге Александр Бублик қана бар. Ол қазір екі саты төмен түсіп 145-ші орынға тұрақтаған.

Фото:Марк Вудс, www.dfwsportsonline.com

Соңғы жаңалықтар