Теннис: Путинцева WTA рейтингінде бірден 16 орынға көтерілді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат  -Қазақстанның бірінші ракеткасы Юлия Путинцева Әйелдер теннисі қауымдастығының (WTA) жаңартылған рейтингінде 45-інші орынға көтерілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Осыған дейін 61-інші орында болған қазақстандық теннисші бірден 16 сатыға жоғарылады.

Юлия Путинцеваның рейтингте бұлайша «секіріс» жасауына оның өткен сенбі күні Қытайда мәреге жеткен Гуанчжоу турнирінде сәтті өнер көрсетуі себеп болды. Жүлде қоры 250 мың АҚШ долларына бағаланған айтулы жарыста қазақстандық теннисші финалға дейін жетіп, соңғы бәсекеде ғана ұтылып қалды.

Тағы бір қазақстандық теннисші Зарина Дияс 94-тен 92-інші орынға шықты.

Жұптық сында Галина Воскобоева 89-дан 84-інші сатыға жоғарылады.

Ерлер арасындағы рейтингте Михаил Кукушкин өз орнын өзгерткен жоқ. Сол 87-інші сатыда қалды.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Ю.Путинцеваның Гуанчжоу турнирін ұта алмағанын жазған болатынбыз.

Соңғы жаңалықтар