Теннис: Путинцева US Open турнирінің келесі айналымына өтті

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанның бірінші, әлемнің 39-ракеткасы Юлия Путинцева US Open турнирінің екінші айналымына өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстандық теннисші бастапқы кездесуін дүниежүзілік рейтингте 78-орында тұрған америкалық Мэдисон Бренглмен өткізді.

Ю.Путинцева екі партияда 6:3, 6:3 есебімен жеңіске жетті.

Бәсеке сағат жарымнан астам уақытқа созылды.

Ю.Путинцева екінші айналымда Беларусь елінің өкілдері, әлемнің 13-ракеткасы Арина Соболенко немесе кезінде дүниежүзілік рейтингте көш бастаған, қазір 41-сатыда тұрған Виктория Азаренконың бірімен кездеседі.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Михаил Кукушкин мен Александр Бубликтің US Open турнирінің екінші айналымына шыққанын жазған болатынбыз.




Соңғы жаңалықтар