Теннис: Путинцева US Open турнирінде жеңіліп қалды

None
None
НҰР-СҰЛТАН.ҚазАқпарат – Қазақстандық Юлия Путинцева US Open турнирінің төртінші айналымынашыға алмады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Дүниежүзілік рейтингте 39-орында тұрған Ю.Путинцева үшінші айналымда әлемнің 23-ракеткасы,хорватиялық Донна Векичпен кездесті.

Бірінші партияда есеп 5:4 болған мезетте хорватиялық спортшы брейк жасап кетті – 6:4.

Екінші сетте Д.Векич тағы да брейкпен алға шықты – 3:1. Осыдан кейін Ю. Путинцеваның ойыны тіпті қожырап кетті. Ақыры хорватиялық теннисші жеңіске жетті – 6:1.

Бәсеке 1 сағат 21минутқа созылды.

Д.Векич төртінші айналымда әлемнің 30-ракеткасы, германиялық Юлия Гергеспен шеберлік байқасады.

Өткен жылы Ю.Путинцева АҚШ ашық чемпионатының алғашқы айналымынан аса алмаған болатын. Биыл оның үшінші айналымына дейін жетуін біршама жетістік деуге болады.

Осылайша жекелей сында Қазақстаннан рейтингте 75-сатыдағы Александр Бублик қана қалды. Қазіргі кезде ол әлемнің 70-ракеткасы, испаниялық Пабло Андухармен ойнап жатыр.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Ю.Путинцева мен А.Бубликтің US Open турнирінің үшінші айналымына шыққанын жазған болатынбыз.



Соңғы жаңалықтар