Теннис: Путинцева Тяньцзинь турнирінің жартылай финалына шыға алмады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстандық Юлия Путинцева Қытайдағы Тяньцзинь турнирінің жартылай финалына шыға алмады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Әлемнің 36-ракеткасы Ю.Путинцева ширек финалда рейтингте 61-орында тұрған тунистік Онс Жабермен күш сынасты.

Бірінші партияда О.Жабер брейкпен алға шықты - 2:1. Путинцева таразы басын теңестіргенімен, тай-брейкте тунистік теннисші жеңіп кетті 7:6 (7:5).

Екінші сетте қазақстандық спортшы 4:0 есебімен алға кеткенімен, сол басымдылықты ұстап тұра алмады. Ақыры тай-брейкте тағы да Жабердің жолы болды - 7:6 (7:4).

О.Жабер финалға шығу үшін швециялық Ребекка Петерсонмен таласады.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Елена Рыбакинаның Линц турнирінің ширек финалына шыққанын жазған болатынбыз.

Соңғы жаңалықтар