Теннис: Путинцева Тяньцзинь турнирінің ширек финалына шықты

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанның бірінші, әлемнің 36-ракеткасы Юлия Путинцева Тяньцзинь WTA турнирінің ширек финалына шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ю.Путинцева екінші айналымда аустралиялық, US Open турнирінің 2011 жылғы чемпионы, қазір рейтингте 91-орында тұрған Саманта Стосурмен күш сынасты.

Қазақстандық теннисші тәжірибелі қарсыласын 6:1, 6:2 есебімен тізе бүктірді.

Бәсеке бір сағаттан сәл астам уақытқа созылды.

Ю.Путинцева жүлде қоры 500 мың АҚШ долларына бағаланған турнирдің жартылай финалына шығу үшін Тунис елінің өкілі, әлемнің 61-ракеткасы Онс Жабермен таласады.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Елена Рыбакинаның Линц турнирін сәтті бастағанын жазған болатынбыз.

Соңғы жаңалықтар