Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 386.04 EUR 427.77
RUB 5.88 CNY 54.45
Jańalyqtar

Теннис: Путинцева «Ролан Гаррос» чемпионын жеңді

2019 жылғы 13 тамыз 01:36 117
Бөлісіңіз:
Теннис: Путинцева «Ролан Гаррос» чемпионын жеңді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Әлемнің 42-ракеткасы, қазақстандық Юлия Путинцева АҚШ-тың Цинциннати қаласында өткен турнирде WTA рейтингінің 75-інші орнында тұрған Елена Остапенконы жеңді, деп хабарлайды ҚазАқпарат sports.kz сайтына сілтеме жасап.

Айта кетсек, Е.Остапенко «Ролан Гаррос»-тың 2017 жылғы чемпионы.

Үш сеттегі есеп - 6/2, 6/7(3), 6/3. Матч 2 сағат 24 минутқа жалғасты. Осы уақытта 24 жастағы Путинцева бес эйс орындады, допты беру кезінде екі рет қателікке бой алдырып, сегіз брейк-пойнтты іске асырды. Ал оның 22 жастағы қарсыласы допты екі рет алаңнан асырып берді, қосарланған 15 қателікке жол беріп, төрт брейк жасады. Бұған дейінгі жеке кездесудегі есеп 1:1 болған еді.

Western & Southern Open турниріндегі Путинцеваның келесі қарсыласы америкалық спортшы Слоан Стивенс болады.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Спорт,
Бөлісіңіз:

Аударма:

Мира Төлендіқызы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059

MURAǴAT