Теннис: Путинцева Рим турнирінің екінші айналымына шықты

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстанның бірінші, әлемнің 38-ракеткасы Юлия Путинцева Рим турнирін жеңіспен бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстандық теннисші алғашқы айналымда рейтингте 26-орында тұрған украиналық Леся Цуренкомен кездесті.

Бірінші партия барысында Юлия Путинцева үш бірдей брейк жасай білді. Қарсыласы екі брейкке қол жеткізе алды. Сөйтіп бұл сетті қазақстандық теннисші өз пайдасына жазды - 6:4.

Екінші сетте Юлия қос бірдей брейкпен алға кетті - 4:0. Ақыры осы басымдылығын уысынан шығарған жоқ - 6:2.

Бәсеке 1 сағат 22 минутқа созылды.

Ю.Путинцева екінші айналымда әлемнің 5-ракеткасы, чехиялық Петра Квитовамен күш сынасады.

Ерлер арасындағы Рим турнирінде Қазақстанның бірінші, әлемнің 47-ракеткасы Михаил Кукушкин алғашқы айналымнан аса алмады. Ол рейтингте 32-орында тұрған сербиялық Ласло Дьереден 3:6, 4:6 есебімен жеңіліп қалды.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Юлия Путинцеваның үздік 40 теннисшінің қатарына қайта енгенін жазған болатынбыз.

Соңғы жаңалықтар