Теннис: Путинцева Осака турнирінің жартылай финалына шыға алмады

None
None
НҰР-СҰЛТАН.ҚазАқпарат – Қазақстанның бірінші, әлемнің 36-ракеткасы Юлия Путинцева Жапониядағы Осака турнирінің жартылай финалына шыға алмады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ю.Путинцева ширек финалда осы жарыстың бірінші, әлемнің 4-ракеткасы, «Үлкен дулыға» турнирлерінің екі дүркін жеңімпазы, жапониялық Наоми Осакамен кездесті.

Қарсыластар бұған дейін үш мәрте жолдары тоқайласып, соның бәрінде де қазақстандық теннисшінің мерейі үстем болған еді. Соның ішінде Ю.Путинцева биылғы Уимблдон додасында Н.Осаканы ұтып кеткен еді.

Бұл жолы бірінші партияда жапониялық спортшы 6:4 есебімен басым түсті.

Екінші сетте есеп 5:3 болған мезетте Н.Осака матчқа доп бергенде, Ю.Путинцева брейк жасай алды. Содан кейін өз геймінде допты қайтарамын деп, аяғынан жарақат алып қалды. Ақыры жапониялық теннисші дегеніне жетті – 6:4.

Бәсеке 1 сағат 39 минутқа созылды.

Н.Осакажартылай финалда әлемнің 24-ракеткасы, бельгиялық Элиза Мертенспен шеберлікбайқасады.

Еске салакетейік, бұдан бұрын Зарина Диястың Ухань турнирінің іріктеу сайысын сәтті бастағанын, ал Михаил Кукушкиннің Санкт-Петербор додасының жартылай финалына шыға алмағанын жазған болатынбыз.

Өкінішке қарай, бүгін Зарина Дияс іріктеу сайыстарының финалында америкалық Лорен Дэвиске есе жіберіп, негізгі турнирге өте алмады.



Соңғы жаңалықтар