Теннис: Путинцева Нюрнберг турнирінің ширек финалына шықты

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстанның бірінші, әлемнің 39-ракеткасы Юлия Путинцева Нюрнберг турнирінің ширек финалына шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Осы турнирдің бірінші ракеткасы болып тіркелген қазақстандық теннисші екінші айналымда рейтингте 84-орындағы германиялық Мона Бартельмен кездесті.

Бірінші партия аса тартысты өрбіп, тай-брейкке дейін жетті. Мұнда Ю.Путинцева 10:8 есебімен таразы басын өзіне аудара білді.

Екінші сетте Юлияның басымдылығы айқын көрінді - 6:1.

Бәсеке 1 сағат 47 минутқа созылды.

Ю.Путинцева жүлде қоры 250 мың еуроға бағаланған жарыстың жартылай финалына шығу үшін қос германиялық, әлемнің 69-ракеткасы Андреа Петкович немесе рейтингте 523-орындағы Анна-Лена Фридзамның біреуімен таласады.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын тағы бір қазақстандық Елена Рыбакинаның «Ролан Гаррос» турнирінің іріктеу сайысын сәтті бастағанын жазған болатынбыз.

Оның алдында Юлия Путинцева Нюрнберг турнирінің екінші айналымына, Галина Воскобоева Страсбургте жұптық сында ширек финалға шықты.

Соңғы жаңалықтар