+7 (701) 759 90 19
USD 432.23 EUR 506.79
RUB 5.45 CNY 64.44
Jańalyqtar

Теннис: Путинцева мен Рыбакина Римде өзара кездесіп, ширек финал жолдамасын сарапқа салады

2020 жылғы 17 қыркүйек 21:03
Бөлісіңіз:
Теннис: Путинцева мен Рыбакина Римде өзара кездесіп, ширек финал жолдамасын сарапқа салады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандық Юлия Путинцева Рим WTA турнирінің үшінші айналымына шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Astana Open: Кукушкин турнирдің бірінші ракеткасын ұтты Теннис: Кукушкин Astana Open турнирін жеңіспен бастады Тимофей Скатов Astana Open турнирінің алғашқы айналымынан аса алмады

Дүниежүзілік рейтингте 30-орында тұрған Ю.Путинцева екінші айналымда әлемнің 16-ыншы, осы айтулы доданың 8-ракеткасы, хорватиялық Петра Мартичпен шеберлік

байқасты.

П.Мартич рейтингі жоғары болғандықтан, жарысқа екінші айналымнан қосылды.

Жуырда Ю.Путинцева US Open турнирінің төртінші айналымында хорватиялық теннисшіні қапы қалдырып, өз спорттық жолында алғаш рет АҚШ ашық чемпионатының ширек финалына өткен болатын.

Қазақстандық теннисші бұл жолы да матчты қарқынды бастап, бірінші партияда есепті 5:1-ге жеткізді. Бұдан кейін П.Мартич есепті қысқартқанымен, Юлия екінші рет сетке

доп бергенде, мүмкіндігін мүлт жіберген жоқ – 6:3.

Екінші сетті Ю.Путинцева брейкпен бастағанымен, қарсыласы есепті теңестірді – 1:1. Бұдан кейін Юлия қатарынан төрт гейм алып, есепті тағы да 5:1-ге жеткізді.

Жеңіс бір табан жақын қалғандай көрінген. Алайда хорватиялық теннисші таразы басын теңестіріп қана қоймай, тай-брейкте табысты ойнады – 7:6 (7:2).

Үшінші, шешуші партияда қарсыластар алғашқы төрт геймде брейкпен алмасты – 2:2. Есеп 5:4 болғанда, қазақстандық теннисші брейк жасап, матчты сәтті түйіндей білді – 6:4.

Аса тартысты өткен бәсеке 3 сағатқа жуық уақытқа созылды.

Ю.Путинцева ширек финалға шығу үшін отандасы, әлемнің 18-інші, осы турнирдің 10-ракеткасы Елена Рыбакинамен таласады.

Италия астанасындағы дода 21 қыркүйек күні мәреге жетеді.

Өткен жылы бұл жарыста чехиялық Каролина Плишкова жеңімпаз атанған еді. Ол финалда ұлыбританиялық Йоханна Контаны 6:3, 6:4 есебімен ұтқан болатын.

Биыл турнирге әлемнің екінші және төртінші ракеткалары, румыниялық Симона Халеп пен К.Плишкова бастаған мықты теннисшілер қатысуда.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Елена Рыбакинаның Рим турнирінің үшінші айналымына шыққанын жазған болатынбыз.



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Елжан Ералы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT