Теннис: Путинцева мен Бублик US Open турнирінің үшінші айналымына шықты

None
None
НҰР-СҰЛТАН.ҚазАқпарат –Қазақстандық теннисшілер Юлия Путинцева мен Александр Бублик US Open турнирінің үшінші айналымына шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Дүниежүзілік рейтингте 39-орында тұрған Ю.Путинцева екінші айналымда Беларусь елінің өкілі, әлемнің 13-інші, осы доданың 9-ракеткасы Арина Соболенкомен кездесті.

Қазақстандық теннисші 6:3, 7:6 (7:3) есебімен жеңіске жетті.

Бәсеке 1 сағат 54минутқа созылды.

Ю.Путинцева үшінші айналымда әлемнің 23-ракеткасы, хорватиялық Донна Векичпен күш сынасады.

Рейтингте 75-сатыда тұрған А.Бублик екінші айналымда әлемнің 87-ракеткасы, италиялық Томас Фаббианомен шеберлік байқасты.

Бұған дейін қарсыластар бір рет өзара жолығысып, онда италиялық спортшы басым түскен еді. Бірінші айналымда әлемнің 4-ракеткасы, аустриялық Доминик Тимді ұтып кеткенТ. Фаббиано осал емес-ті.

Үш сағат 44 минутқа созылған матч аса тартысты өтіп, А.Бублик бастапқы екі сетте қарсыласына 6:7(3:7), 5:7 есебімен есе жібергенімен, қалған үшеуінде таразы басын аудара білді– 6:4, 6:3, 6:3.

А.Бублик үшінші айналымда әлемнің 70-ракеткасы, испаниялық Пабло Андухармен кортқа шығады.

Қазақстанның бірінші, әлемнің 47-ракеткасы Михаил Кукушкин үшінші айналымға шыға алмады. Ол рейтингте 105-орында тұрған аустралиялық 20 жасар Алексей Попыриннен 6:2, 5:7, 3:6, 2:6 есебімен ұтылып қалды. Бірінші айналымда әлемнің 10-ракеткасы, испаниялық Роберто Баутиста-Агутты тізе бүктірген М.Кукушкин өткен жылы осы жарыстың үшінші айналымына дейін барса, биыл соған жете алмай қалды.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Михаил Кукушкин мен Александр Бубликтің және Юлия Путинцеваның US Open турнирінің екінші айналымына шыққанын жазған болатынбыз.






Соңғы жаңалықтар