Теннис: Путинцева Мәскеуде «Кремль кубогында» ұтылып қалды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандық Юлия Путинцева Мәскеудегі «Кремль кубогы» WTA турнирінің екінші айналымына шыға алмады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстанның бірінші, әлемнің 34-ракеткасы Ю.Путинцева алғашқы айналымда рейтингте 45-орында тұрған франциялық Кристина Младеновичпен кездесті.

Бірінші партияны франциялық спортшы өз есебіне жаза білді – 6:4.

Екінші сетте Ю.Путинцева 3:0 есебімен алға шықты. Сол басымдылығын сақтап қала алды – 6:3.

Үшінші, шешуші партияда К.Младенович есеп 2:2 болған мезетте брейк жасап кетті. Ақыры тағы бір брейкпен матч нүктесін қойды – 6:2.

Тартысты бәсеке 2 сағат 2 минутқа созылды.

К.Младенович екінші айналымда осы турнирдің алтыншы, әлемнің 24-ракеткасы, латвиялық Анастасия Севастовамен шеберлік байқасады.

Жүлде қоры 1 млн АҚШ долларынан асатын «Кремль кубогы» 20 қазанда мәреге жетеді.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын М.Кукушкиннің «Кремль кубогын» жеңіспен бастағанын, Е.Рыбакинаның Люксембург турнирінің екінші айналымына шыққанын жазған болатынбыз.

Соңғы жаңалықтар