Теннис: Путинцева Истбурн турнирінің екінші айналымына шықты

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстанның бірінші, әлемнің 39-ракеткасы Юлия Путинцева Истбурн (Ұлыбритания) турнирінің екінші айналымына шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ю.Путинцева бастапқы кездесуін әлемнің 34-ракеткасы, америкалық Даниэль Коллинзбен өткізді.

Бірінші сетте қазақстандық теннисші 5:0 есебімен жеңіп жатқан мезгілде америкалық спортшы матчты жалғастырудан бас тартты.

Ю.Путинцева жүлде қоры 1 млн АҚШ долларына жуықтайтын жарыстың екінші айналымында әлемнің 4-ракеткасы, Нидерланды елінің өкілі Кики Бертенспен кортқа шығады.

Ерлер арасындағы Истбурн турнирінде Қазақстанның бірінші, әлемнің 47-ракеткасы Михаил Кукушкин бақ сынады. Әйтсе де ол алғашқы кездесуінде-ақ рейтингте 79-орындағы америкалық Сэм Куэрриден 3:6, 6:7 (4:7) есебімен жеңіліс тауып, жарыс жолынан шығып қалды.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын қазақстандықтардың Истбурн турниріндегі қарсыластары белгілі болғанын, Юлия Путинцеваның рейтингте үздік 40 теннисшінің қатарына қайта енгенін жазған болатынбыз.

Соңғы жаңалықтар